Бала қауіпсіздігі — бәрінен қымбат!
- Қаралды: 40
Астанада бір күннің ішінде төрт бірдей баланың көпқабатты үйдің терезесінен құлау дерегі тіркелді. Екі бала оқиңа орнында көз жұмған.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:
- егерде балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңыздың өмірінде өлімге әкелуі мүмкін;
- ешқашан москит торларына сенбеңіз балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
- балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
- баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.